Жаңалықтар

Динара Сәтжанның емшімен соты: Бағдагүл Лепесова жазадан босатылды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Аманжолов бүгін Лепесова Бағдагүл Чапаевнаны Сатжан Динара Жанабаевнаға тіл тигізгені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Бұл туралы Адвокат Керимова Рена әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Жақында қабылданған рақымшылыққа байланысты Лепесова Бағдагүл 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түріндегі негізгі жазадан босатылды. Сот заң көмегіне, филологиялық сараптамаға және нотариус қызметіне жұмсалған шығындарды толық көлемде өндіріп алуды міндеттеді», – деп жазды адвокат.

Бұл туралы журналист, кәсіпкер Динара Сәтжан да әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

«Жаңа ғана Рена Керимовамен бірге Бағдагүл тарапынан тіл тигізуіне қатысты сот ісінде жеңіске жеттік. Егер сізді біреу қорласа немесе тіл тигізсе, болған жағдайды нотариус арқылы тіркеп, сотқа жүгініңіз», – деп жазды ол.

Еске салсақ, Еске бұған дейін Динара Сәтжан мен Баян Алагөзова ақтөбелік «TikTok-емшіні» тексеруді талап еткені хабарланған еді. Бағдагүл Лепесова әлеуметтік желіде сынықшы әрі емші ретінде танылған. Алайда кейінгі уақытта оның тікелей эфирдегі мәлімдемелері көпшілік арасында дау тудырып жүр. Соңғы дауға тележүргізуші Динара Сәтжанға қатысты айтқан сөздері себеп болды.

Осыдан кейін Динара Сәтжан емшінің қызметі мен табысына қатысты бірқатар сұрақ көтерген. Ол «ақылы бата» үшін түскен қаржы қайда аударылатынын, емшінің салық төлейтін-төлемейтінін, адам емдеуге лицензиясы бар-жоғын анықтауды сұраған.

Сондай-ақ, ол келесі жолы тағы да осындай әрекеттерін қайталаса, оны әкімшілік қамауға алу жазасы да тағайындалуы мүмкін екенін еске салған болатын. Адам басқа біреудің абыройына нұқсан келтіретін сөз айтқанда, әр сөзі үшін жауап беретінін ұмытпауы керектігін атап өтті.

Back to top button