Без рубрики

Омбыдағы құрылыс алаңында болған өрттен қазақстандық көз жұмды

Ресейдің Омбы қаласында салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың бірі – Қазақстан азаматы, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өрттен сегіз адам зардап шекті

Оқиға 15 тамызда болған. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құрылыс алаңында тұтанған өрт көпқабатты үйдің жоғарғы қабаттарына жылдам тараған. Соның салдарынан барлығы сегіз адам зардап шекті. Олардың арасында 2002 жылы туған Қазақстан азаматы да болған. Оның денесінің 70 пайызын күйік шалып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Өрттен барлығы екі адам қаза тапты.

Бас консулдық марқұмның отбасына көмектесіп жатыр

Қазақстан сыртқы істер министрлігі азаматтың қаза болғанын растады.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Омбыдағы бас консулдығы марқұмның туыстарына қажетті көмек көрсетіп, оның өліміне байланысты мәселелер бойынша Ресейдің құзырлы органдарымен байланыс орнатқан.

Back to top button