$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарТергеу

Астанада 22 қабаттан құлаған қыздың қазасы тергеліп жатыр

Астанада 17 тамыз күні тұрғын үйдің 22 қабатынан құлаған қыз қаза тапты. Қайғылы оқиға Роза Бағланова көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қылмыстық іс қозғалды

Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға фактісі бойынша суицидке қатысты қылмыстық іс қозғалған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен секіріп кеткен.

Қыз оқиға орнында көз жұмды

«Құлау салдарынан алған жарақаттарынан қыз оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп түсіндірді Астана қаласы Полиция департаменті.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button