$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Без рубрики

Алматыда әйелді ойыншық қарумен қорқытқан жүргізуші ұсталды

Көлік иесінің айтуынша, ер адам алдымен оның соңынан аңдыған

Алматыда көлік жүргізіп келе жатқан әйелге ойыншық тапанша кезеген жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көлік иесі болған жағдайды әлеуметтік желіде баяндаған. Оның айтуынша, жүргізуші алдымен оның соңынан қалмай еріп жүрген. Әйел сауда орталығының автотұрағына кіргеннен кейін ер адам оның жолын бөгеп, «қару» кезеген.

Полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы ер адамның жеке басы анықталып, ол ұсталған және полиция бөліміне жеткізілген.

«Көрсетілген зат ойыншық тапанша болып шықты және атыс қаруына жатпайды. Құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық және жол қозғалысы ережелерін бұзу деректері бойынша әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жолданды», – делінген хабарламада.

Полиция қоғамдық орындарда сыртқы пішіні қаруға ұқсайтын заттарды көрсетіп, жұртты үрейлендіруге болмайтынын ескертті. Мұндай әрекеттер адамдар арасында дүрбелең туғызуы мүмкін.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button