$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
БілімЖаңалықтар

Қазақстанда тегін IT-білім алуға өтінім қабылдау басталды

Бағдарламаға 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады

Елдегі аккредиттелген IT-мектептерде тегін білім алуға өтінім қабылдау басталды. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қандай бағыттарды оқуға болады

Astana Hub жүзеге асыратын Tech Orda бағдарламасы IT саласына білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Бағдарлама арқылы қазақстандықтар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, бағдарламалық жасақтама әзірлеу, деректерді талдау, Cloud & DevOps бұлтты технологиялары, әзірлеу мен пайдалануды автоматтандыру, GameDev бағытында бейнеойындар жасау, өнімдерді басқару, UI/UX-дизайн және басқа да IT-мамандықтарды меңгере алады.

Оқу форматына қарай берілетін ваучер мөлшері әртүрлі. Офлайн оқуды таңдағандарға 500 мың теңгеге дейін, ал онлайн немесе аралас форматта білім алатындарға 400 мың теңгеге дейін қарастырылған.

«Қатысушылар офлайн форматта білім алу үшін құны 500 мың теңгеге дейінгі, ал онлайн немесе аралас форматты таңдаған жағдайда 400 мың теңгеге дейінгі ваучер ала алады», – делінген министрлік хабарламасында.

Түлектердің орташа жалақысы – 725 мың теңге

Ресми мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін Tech Orda түлектері 1287 компанияға жұмысқа орналасқан. Олардың басым бөлігінің орташа айлық жалақысы 725 мың теңгені құрайды.

Бағдарламаға 18 бен 45 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Өтінім қабылдау 7 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысу талаптары мен аккредиттелген IT-мектептердің толық тізімі Astana Hub платформасында жарияланған.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button