$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеОқиға

Полиция әйелдерге никабпен жүру заңсыз екенін түсіндіре бастады

Атырауда полиция бет әлпетті жасыруға тыйым салынған заңдылықтарды түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы.

Полицияның түсіндіру жұмыстарын жүргізген видеосы Атырау облысының полиция департаментінің ресми парақшасында жарияланды.

ТЫҢ ӨЗГЕРІС

2025 жылы 12 шілдеден бастап Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін толықтай жабатын киімдерді киюге тыйым салатын заңнамалық өзгерістер күшіне енген. Осыған орай, Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері сауда орындарында, адамдар көп жиналатын қоғамдық жерлерде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізъген.

250-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫНҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

Тәртіп сақшылары 250-ге жуық тұрғынға жаңа талаптардың мақсатын атап өтті – бұл азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, оның ішінде діни сенім бостандығын шектемей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамдардың тұлғасын анықтау және қоғамдық тәртіпті сақтау. Полицейлер тыйым тек тұлғаны толықтай тануға кедергі келтіретін киімдерге қатысты екенін, мысалы бетперде мен никаб секілді киімдер осы санатқа жататынын түсіндірді. Ал бет-жүзді жаппайтын хиджаб, шейла, химар, аль-амира сияқты киімдерге бұл норма қолданылмайды.

Сонымен бірге, ауа райына, медициналық себептерге байланысты, заң талаптарын орындау кезінде немесе қызметтік, спорттық, мәдени іс-шараларда қолданылатын киімдерге бұл тыйымның қатысы жоқ екені айтылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button