Спорт

Президент «Қазақстан Барысы – 2026» жеңімпазын құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын «Қазақстан Барысы – 2026» турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Жеңіске деген ерік-жігердің көрінісі»

Президент Жантілек Нұртілепұлының бұл жетістігін оның табандылығы мен жоғары шеберлігінің нәтижесі ретінде бағалады.

Мемлекет басшысының айтуынша, балуанның бозкілемдегі жеңісі спорттық дайындығымен қатар, жеңіске деген берік ерік-жігерінің айқын көрінісі болды.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

Ұлттық спортқа қызығушылықты арттырады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Барысы» секілді беделді бәсекелердің ұлттық спортты дәріптеудегі маңызына да тоқталды.

Президент мұндай турнирлер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынын атап өтті.

Back to top button