TOP-2

Енді үй жануарын көшеге тастауға тыйым салынады

Тиісті бұйрықты Экология және табиғи ресурстар министрлігі қабылдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Егер жануардың иесі немесе оған жауапты адам оны одан әрі асырай алмаса, үй жануарын басқа жерге орналастыруға міндетті. Атап айтқанда, оны жануарларға арналған панажайға немесе уақытша ұстау орнына тапсыруы не жануарды асырауға қажетті жағдайы бар жеке немесе заңды тұлғаға беруі керек.

Үй жануары уақытша ұстау орнына тапсырылған жағдайда, оның құқықтық тағдыры анықталғанға дейін бұрынғы иесі жануарды асырауға жұмсалатын шығынды төлеуге міндетті.

«Үй жануарынан бас тарту оған меншік құқығын басқа тұлға иеленгенге, жануар панажайға тапсырылғанға немесе уақытша ұстау орнына берілген жануардың құқықтық тағдыры анықталғанға дейін оның иесінің не оған жауапты адамның үй жануарына қатысты міндеттерінің тоқтатылуына әкеп соқпайды», – делінген құжатта.

Back to top button