Жаңалықтар
Өтемұратовқа тиесілі банк топ-менеджерлеріне 1,3 млрд теңге төлеген
Миллиардер Болат Өтемұратовқа тиесілі Home Credit Bank басқарма құрамының былтыр алған сыйақысы 1 млрд 317 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сыйақыға айлық пен бонус кіреді
Ресми дерек Қазақстан қор биржасындағы хабарламада жазулы тұр. Аталған сомаға банк басшылығының былтыр алған барлық бонусы, айлығы мен сыйлықақысы кіреді.
Өткен жылдың соңында ForteBank қазақстандық Home Credit Bank-тің 100% акциясын еуропалық акционерлерден 273 млрд теңгеге сатып алған болатын. Миллиардер Болат Өтемұратов соның иесі.
Кәсіпкерлер рейтңінде көш бастап тұр
Өтемұратов – елдегі ең ықпалды кәсіпкерлер рейтиңінде көш бастап тұрған миллиардердің бірі. 3,7 млрд доллар дәулетімен елдегі ең бай он кәсіпкердің қатарына кіріп, 6-орынға жайғасқан.