$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-1Жаңалықтар

Telegram жұмысы бұзылды: министрлік түсініктеме берді

Қазақстанда Telegram мессенджерінің жұмысында ақау байқалды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәселенің себебін техникалық мамандар анықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

13 тамызда әр өңірдегі Telegram қолданушылары мессенджер жұмысының баяулағанына шағымдана бастады.

Қолданушылардың бір бөлігі хабарлама жіберуде қиындық туындағанын айтса, кейбірі фото, видео және өзге де файлдардың ұзақ жүктелетінін хабарлаған. Сондай-ақ Telegram серверлеріне қосылуда да мәселе туындаған. Ақау мессенджердің мобильді және компьютерлік нұсқаларында байқалған.

Министрлік не дейді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Telegram-ның қолжетімсіз болуына қатысты қолданушылардан өтініштер түсіп жатқанын растады.

«Қазіргі уақытта Telegram мессенджерінің қолжетімсіз болуына байланысты қолданушылардан жекелеген өтініштер түсіп жатыр. Техникалық мамандар жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Әзірге Telegram жұмысындағы ақаудың нақты неден туындағаны белгісіз.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button