$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2Жаңалықтар

Қазақстандықтарға жемқорлық туралы хабарлағаны үшін қанша сыйақы төленеді

Сыйақы мөлшері берілген параның көлеміне немесе келтірілген залалдың сомасына байланысты белгіленеді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәртібін нақтылайтын жаңа бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сыйақы мөлшері қалай есептеледі?

Сыйақы мөлшері берілген параның көлеміне немесе келтірілген залалдың сомасына байланысты белгіленеді. Кей жағдайда төленетін сыйақы 17,3 миллион теңгеден асуы мүмкін.

Хабарлама тексерілгеннен кейін оны арнайы комиссия қарайды. Егер комиссия оң шешім қабылдаса, сыйақы өтініш берушінің банктік шотына бір ай ішінде аударылады.

Мемқызметкерлерге сыйақы берілмейді

Сонымен қатар, қызметтік міндетіне сәйкес сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауға міндетті мемлекеттік қызметкерлерге ақшалай сыйақы берілмейді. Оның орнына оларға Құрмет грамотасы табысталуы немесе алғыс жариялануы мүмкін.

Жаңа ережелер 22 тамыздан бастап күшіне енеді.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button