Жаңалықтар

Астана маңындағы жол апатынан Германияның екі азаматы көз жұмды

Тамыздың 10-күні «Астана – Петропавл» тасжолының 97-шақырымында болған жол-көлік оқиғасынан Германиядан келген ерлі-зайыпты көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жеті жолаушы жарақат алды

Апат туралы ақпаратты Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері бөлісті.

Мұның алдында елорда маңында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 автокөліктері соқтығысқан болатын. Апат салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің екі жолаушысы ажал құшты. Бұдан бөлек, осы көліктің тағы жеті жолаушысы мен ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі жарақат алған.
Көз жұмғандар арасында ерлі-зайыпты Германия азаматтары болғаны анықталды.

Ер адам алдыңғы жолаушылар орындығында отырған. Құтқарушылар оның денесін көліктен шығарып алды. Әйел адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Ал тоғыз жасар қызы аман қалды. Түрлі жарақат алған ол ауруханаға жатқызылды.

Тергеу басталды

Апат факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Mercedes-Benz Sprinter жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу нәтижелері бойынша процесуалдық шешім қабылданады.

Back to top button