Жаңалықтар

Қарқаралы тауларында саңырауқұлақ теру үшін шығып, жоғалған ерлі-зайыпты табылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында саңырауқұлақ теруге шығып, таулы аймақта адасып кеткен ерлі-зайыпты құтқарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты күндіз Комиссаровка шатқалынан Үш тас тауына қарай саңырауқұлақ теруге шыққан. Біраз уақыттан кейін олармен байланыс үзілген. Осыған алаңдаған немерелері құтқарушылардан көмек сұраған.

ТЖМ іздестіру тобы жоғалған адамдарды Комиссаровка шатқалынан шамамен 20 шақырым жердегі Қаратока кордоны маңынан тапты.

Ерлі-зайыптыға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оларды таулы аймақтан қауіпсіз жерге алып шықты.

Back to top button