Спорт

Головкин тағы бір халықаралық қызметке үміткер атанды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлер тізіміне енді, деп хабарлайды Tizgin.kz

Тізім олимпиада комитетіне жолданды

Olympic.kz мәліметінше, оның кандидатурасы біліктілік пен этикалық талаптарға сәйкестігі аясында тиісті рәсімдерден өтті. Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді.

Аталған тізім ISSA құрамындағы барлық Ұлттық олимпиада комитетіне жолданды.

Сайлау қашан өтеді

Сайлау биыл 12 қыркүйек күні Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетерлік жайт, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі сол, Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Back to top button