TOP-2Тергеу

“Құнын өтей алмайды”: Нұрайдың ағасы күдіктіден не үшін 10 млрд теңге талап еткенін түсіндірді

Кісі қолынан мерт болған Нұрай Серікбайдың ағасы Сұлтан Серікбай күдіктіден не үшін 10 млрд теңге талап еткенін түсіндірді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сұлтан Серікбай не дейді

“Не үшін біз 10 млрд теңге өтемақы талап еттік? Жауапты екі тармаққа бөлуге болады. Біріншісі – заңгерлік, екіншісі моральдық тұрғыда. Заң жағынан келер болсақ, сотталушы осы шығындарды өтемей, ешқандай шартты жазаға іліне алмайды немесе жазасын жеңілдете алмайды. Яғни, өмір бақи осы соманы төлейтіндей болуы керек. Екіншіден, сот қанша соманы бекітетінін соттың өзі біледі. Ал жәбірленуші тарап қандай сома талап ететінін өзі шешеді. Сондықтан, біз өзіміз дұрыс деп қабылдаған шешімді бекіттік”, – дейді Сұлтан Серікбай.

Оның айтуынша, күдікті әлемнің бүкіл ақшасын алып келсе де, Нұрайдың құнын өтеп бере алмайтынын мәлімдеді. Өйткені ағасы адамның өмірі ақшамен есептелмейтінін айтады.

“Егер біз Нұрайдың жоқтығымен сыналар болсақ, сотталушы ақшамен сыналуы керек деп ойлаймыз. Моральдық шығындардың бәрі егер өндірілсе, қайырымдылыққа жұмсалады. Зардап шеккен қыздарға немесе басқа адамдарға көмегіміз тисе, Нұрайдың атынан бағыштаймыз”, – деді ол.

Нұрай ісі

Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа дейін күдіктінің оған қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені хабарланған.

16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеруді тапсырды. Осыдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы жұмысынан босатылып, бірқатар қызметкерге салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Нұрайды өлтірді деген күдікті бірнеше күн қашып жүріп, ұсталған. Күдіктіге үш айып тағылған.

Бұған дейін Нұрай Серікбайдың туыстары 10 миллиард теңге моральдық өтемақы талап еткен еді.

Back to top button