$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

9 тамызда Астанада бірнеше автобустың бағыты өзгереді

9 тамыз күні Астанада өтетін Jüregimniñ Jeñimpazy қайырымдылық жүгіру фестиваліне байланысты №27, №47 және №54 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Аталған қайырымдылық жарысы елдегі ең ауқымды жүгіру шараларының бірі саналады. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған фестивальдің басты мақсаты – адам өмірін сақтап қалу мәдениетін насихаттау және трансплантология саласының дамуына қолдау көрсету.

Биылғы шараға 7000-ға жуық адам қатысуы мүмкін. Қатысушылар 1, 3 және 10 шақырымдық қашықтықтарда күш сынасады. Жарыс таңғы сағат 07:00-де басталады.

Фестивальдің өтуіне байланысты қаладағы бірқатар көшелер уақытша жабылып, қоғамдық көлік бағыттарына өзгерістер енгізіледі.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button