Жаңалықтар

25 тамыздан бастап Қазақстандағы барлық қызметкерлерге жаңа міндет жүктеледі

Құжат бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер онымен қол қою арқылы таныстырылуы керек.

2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Жаңа талаптарға сәйкес, қызметкерлер киберқауіпсіздікке қатысты ішкі ережелерді сақтауға міндетті болады. Ал жұмыс берушілер қызметкерлерді осы талаптармен таныстырып, олардың орындалуын бақылауы тиіс, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаңа талаптар қандай?

Түзетулерге сәйкес, жұмыс берушілер киберқауіпсіздікке қатысты ішкі құжаттарды әзірлеуі немесе жаңартуы қажет. Бұл:

  • жеке ереже;
  • нұсқаулық;
  • немесе ішкі еңбек тәртібі қағидаларының арнайы бөлімі болуы мүмкін.

Қызметкерлерді қалай таныстырады?

Құжат бекітілгеннен кейін барлық қызметкерлер онымен қол қою арқылы таныстырылуы керек. Сонымен қатар жұмыс берушілер жаңа талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін ішкі бақылау жүргізуге міндетті.

Айыппұл қарастырылған ба?

Жаңа түзетулерде киберқауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жеке айыппұлдар немесе жауапкершіліктің жаңа түрлері енгізілмейді. Мұндай жағдайларда қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормалары қолданылады.

Өзгерістер қашан күшіне енеді?

Аталған түзетулер 2026 жылғы 25 тамызда күшіне енеді. Осы уақытқа дейін жұмыс берушілерге ішкі құжаттарын жаңа заң талаптарына сәйкестендіру ұсынылады.

Back to top button