$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
TOP-2БілімЖаңалықтар

Негізгі ҰБТ аяқталды: грант конкурсының нәтижесі қашан жарияланады

Ғылым және жоғары білім министрлігі негізгі ҰБТ-ның қорытындысын жариялады.

Биыл тестілеуге шамамен 233 мың талапкер қатысты. Оларға ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижесімен мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу мүмкіндігі берілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Шекті балдан асқан талапкерлер грант конкурсына қатысады

Министрліктің мәліметінше, талапкерлердің 76%-ы шекті балдан асып, мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды.

Ең жоғары балл иегерлері анықталды

Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Асет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Әлфия жинады (ҚАЗТЕСТ сертификатын конвертациялау нәтижесі бойынша). Сондай-ақ, 821 талапкер 130 балдан жоғары нәтиже көрсетті.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижесі 7 тамыз күні сағат 15:00-де жарияланады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы 13–20 шілде аралығында жоғары оқу орындарының білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталғанын, грант конкурсына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екенін жаздық.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button