Жаңалықтар
Ким мен Огайдың компаниясы биржадағы саудасын тоқтатты
Милиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай иелегіндегі Kazakhmys Copper акциялары Қазақстан қор биржасында сатылмайтын болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Хабарламада не жазылды
Ресми хабарламада «Kazakhmys Copper» (Қазақмыс Коппер) АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жай акцияларын (ISIN KZ1C00001379) «Қазақстан қор биржасы» АҚ бағалы қағаздары ресми тізімінен ерікті делистингті бекіту және жүзеге асыру туралы шешімге келді деп жазылған.
Компания қашан тіркелді
Kazakhmys Copper – 2025 жылға дейін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі ірі өндіріс орындарын басқарған компания. Ол 2016 жылғы 15 қараша күні тіркелді. Қазір KCC Copper Limited компаниясына тиесілі.
Екі миллардер былтыр «Қазақмыс» тау-кен алыбын кәсіпкер Нұрлан Артықбаевқа сатқан болатын. Сосын Kazakhmys Copper меншігінде 9 еншілес комания қалған.