Жаңалықтар

Димаштың түрік тіліндегі жаңа әні шетелдегі iTunes хит-парадтарының көшін бастады

Әнші Димаш Құдайбергеннің жаңа авторлық әні бірнеше елдің iTunes чарттарында бірінші орынға шықты. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Димаштың жаңа ән

Жақында Димаш түрік тіліндегі жаңа әнін тыңдарманға ұсынды. Әннің музыкасын өнерпаздың өзі жазған. «Yazgı» деп аталатын туынды аз уақыттың ішінде тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленіп, бірқатар елдің iTunes музыкалық чарттарында көш бастады.

«Жаңа “Yazgı” әнім iTunes чарттарындағы жоғары орындарын сақтап келеді. Венгрияда – №1. Румынияда – №1. Латвияда алғашқы үштікке енді. Әрбір тыңдалым, әрбір сатып алу және әрбір жылы лебіз менің музыкамның әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдарманға жетуіне ықпал етеді. Махаббаттарыңыз, сенімдеріңіз және өзгермес қолдауларыңыз үшін рақмет. Бұл жетістік – бәрімізге ортақ!» – деп жазды Димаш.

Stranger турынан кейінгі жаңа белес

Айта кетейік, Димаштың алдыңғы Stranger әлемдік туры үш жылға созылған еді. Ол 2022 жылы Алматы қаласында басталып, 2026 жылдың басында Ригадағы концертпен қорытындыланған болатын.

Енді DiMENSIONS туры әншінің шығармашылық жолындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Жоба көрерменге Димаштың орындаушылық шеберлігін ғана емес, оның адам ретіндегі болмысын да жаңа қырынан таныстыруды мақсат етеді.

Back to top button