Жаңалықтар

Димаш жаңа әлемдік DiMENSIONS турын жариялады

Әнші Димаш Құдайберген жаңа әлемдік DiMENSIONS концерттік турының басталатынын жариялады. Жаңа жоба әншінің шығармашылығына тың қырынан үңілуге мүмкіндік бермек, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ерекше концерттік тұжырымдама

Жаңа турдың негізгі идеясы – Димаштың тұлғасын музыка, өмірлік естеліктер және шығармашылық жолы арқылы кезең-кезеңімен ашу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концерттік бағдарлама көрерменге әр композиция арқылы әншінің жан дүниесіне жақындай түсуге мүмкіндік береді.

«Әлем Димаштың дауысын бұрыннан біледі. Енді сол дауыстың ар жағындағы адамды көрсеткіміз келеді», – дейді жоба ұйымдастырушылары.

Stranger турынан кейінгі жаңа белес

Айта кетейік, Димаштың алдыңғы Stranger әлемдік туры үш жылға созылған еді. Ол 2022 жылы Алматы қаласында басталып, 2026 жылдың басында Ригадағы концертпен қорытындыланған болатын.

Енді DiMENSIONS туры әншінің шығармашылық жолындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Жоба көрерменге Димаштың орындаушылық шеберлігін ғана емес, оның адам ретіндегі болмысын да жаңа қырынан таныстыруды мақсат етеді.

Back to top button