$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЖаңалықтарОқиға

Шымкентте тоғызыншы қабаттан құлаған сәби көз жұмды

2026 жылдың басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген.

Шымкентте тоғызыншы қабаттың терезесінен құлаған кішкентай бала көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Терезеден құлап кетті

«Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданындағы Нұрсат шағынауданында қайғылы оқиға орын алды. 2023 жылы туған сәби ересектердің қарауынсыз қалып, көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтердің терезесінен абайсызда құлап кетіп, көз жұмды», – деп жазылған облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

ТЖД ескерту жасады

Мәліметке сәйкес, 2026 жылдың басынан бері Шымкентте балалардың терезеден құлауына байланысты 9 оқиға тіркелген. Соның салдарынан 4 бала қаза тауып, 5 бала түрлі жарақат алған.

Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарды кішкентай балаларды бірнеше минутқа болса да қараусыз қалдырмауға шақырады.

Ведомство келесі қауіпсіздік шараларын еске салады:

  • москит торы баланы құлаудан қорғамайды және оның салмағына төтеп бере алмайды;
  • терезе маңына баланың терезе алдына шығуына мүмкіндік беретін жиһаз қоймаңыз;
  • терезелерге арнайы бекіткіштер мен ашылуын шектейтін құрылғылар орнатыңыз;
  • балаларға ашық терезенің қауіпті екенін үнемі түсіндіріп отырыңыз.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button