Дәрі-дәрмек ақысын төлеу кезінде цифрлық теңге қолданыла бастайды
Бұдан былай тегін және сақтандыру арқылы берілетін медициналық көмек пен дәрілер ақысын төлегенде цирфлық теңге қолданылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Министрлік дайындаған жоба
Қаржы министрлігі пилоттық жоба қағидаларын жариялады. Құжат Бюджет кодексі мен президенттің биыл 10 ақпанда берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.
Мұндай жүйе ақшаның қалай жұмсалып жатқанын нақты көрсетіп, өз мақсатына жұмсалуын бақылайды. Бастама Президент тапсырмасы мен Бюджет кодексі аясында қолға алынған.
Жазбада жоба тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын пайдалану кезінде есеп айырысу тәртібін айқындайтыны көрсетілген. Одан бөлек, таңбалау мен олардың мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауға да жіті мән беріледі.
Құжат талқыға шығарылды
Негізгі мақсат сол, мемлекет ақшасының орынды жұмсалуын назарда ұстау. Қазір құжат «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған, тамыздың 19-дейін ашық талқыда болады.
Айта кетейік, цифрлық теңге 18 шілдеден бастап ресми айналымға енгізілген. Оны шығару, айналымын ұйымдастыру және өтеу құқығы Қазақстан Ұлттық Банкіне ғана тиесілі.