TOP-2ЖаңалықтарПікір

Аурумен алысып жүрген адамды көрге сүйрегеннен не табамыз – Думан Рамазан Жүрсін Ерман жайлы

Ақын, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға желіде сын үдеген тұста белгілі жазушы әрі драматург сыншыларды сабырға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Жүрсін Ерман туралы әңгімені қойсақ қайтеді?!. Кейінгі кездері әлеуметтік желілерден Жүрсін Ерман ағамызға қатысты жөнді-жөнсіз әңгімелерді жиі көзім шалып қалып жүр. Әрине, ешкім де періште емес. Пенде болған соң, қателік әркімде болады. Бәлкім, шынында да қателіктері бар шығар?! Ешімді кінәламаймын да. Бірақ, енді, қазақта Жүрсін Ерман біреу-ақ қой!», – деп жазды Думан Рамазан.

Оның айтуынша, Жүрсін Ерман жасы келген адам, оның дерті асқынып, жаны қиналып жүр.

«Оның үстіне ауруы да меңдетіп, жаны қиналып жүр. Өзі жүріп-тұра да алмайды. Қанша ғұмыры қалғанын бір Құдай ғана біледі. Кең пейілді, кешірімшіл халық едік қой, тіпті қателіктері болса да, кешіріммен қарап, кең пейілдік танытайық та. Дүрілдеп-гүрілдеп жүрген кезінде айтса да аса бір елемес едім, өзі аурумен алысып жүрген адамды орынды-орынсыз сынап-мінеп, көрге сүйрегеннен не табамыз?! Әлде, ажалынан бұрын өлтіргіміз келе ме? Бір ауыз сөздің де қаншалықты ауыр салмағы бар екенін ұмытпаңыздар, ағайын! Сондықтан Жүрсін ағамыз туралы әңгімені қойсақ қайтеді?!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасына.

Еске салсақ, Қатонқарағайда өткен концерттен кейін әнші Димаш Құдайберген айтыс өнерінің көрнекті өкілі Жүрсін Ерманға арнайы барып, сәлем берді. Әлеуметтік желі қолданушылары Димаштың қал-жағдайын сұраспаған Жүрсін Ерманды сынап тастаған болатын. Осы жағдайға қатысты әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаева желіде Димаш пен ақын Жүрсін Ерманның қызу талқыланып жатқан кездесуі жөнінде пікір білдірді.

Желіде сонымен қатар ақынға Алматыдан берілген баспана да көп әңгімеге арқау болған еді.

Back to top button