Жаңалықтар

+42 градусқа дейін күн ыстық: Қазақстанға тағы аптап ыстық толқыны келе жатыр

“Қазгидромет” синоптиктері алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Батыс өңірде күн де ысиды

Соған сәйкес, ел аумағында ыстық тағы күшейеді. Иран аймақтарынан жететін жылы ауа массалары батыс пен оңтүстік аймақтарға ыстық әкеледі.

Айталық, елдің оңтүстігінде ауа температурасы +37…+42 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстік бағыттардан жылы ауа массаларының келуіне байланысты аптап күтіледі.

Батыс өңірлерде де күн біршама ысиды. Синоптиктер термометр бағандары +39 градусқа дейін жететінін болжады.

Солтүстікте жауын

Солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар республиканың солтүстігі мен шығысына әсер ететін көрінеді. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. Кей аумақта жел күшейсе, кейбір ауданда бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстікте ауа температурасы күндіз ауа +22…+27 градусқа дейін жылынады.

Back to top button