«Отырардың күйреуі» фильмінің режиссері Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

Қазақстанның белгілі кинорежиссері, қазақ кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі режиссердің отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне, шәкірттеріне және барша киносүйер қауымға қайғыра көңіл айтты.
«Ардақ Әмірқұловтың жарқын бейнесі мен шығармашылық мұрасы ел жадында мәңгі сақталады», – делінген министрлік хабарламасында.
Ардақ Әмірқұлов қазақ кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған режиссер ретінде танылды. Оның «Қош бол, Гүлсары!» және «Отырардың күйреуі» фильмдері ұлттық киноның алтын қорына енген таңдаулы туындылардың қатарында.
Ол режиссерлік қызметімен қатар, бірнеше буын кинематографистің тәрбиеленуіне де үлес қосып, қазақ кино мектебінің дамуына еңбек сіңірді.