$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Ақтауда балмұздақты тегін таратқан кәсіпкер айыппұл арқалады  

Ақтауда жаңа сауда орнын ашқан кәсіпкер балаларға тегін балмұздақ пен йогурт таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталмыш оқиға 1 тамызда болған.

Әкімдіктің мәліметінше, сауда орнының ашылуына орай кәсіпкер балаларға 50 порция балмұздақ пен 30 дана йогуртты тегін таратқан.

Заңнама талаптарына сай рұқсаты жоқ болғандықтан, кәсіпкерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, мұндай акцияларды өткізер алдында міндетті түрде рұқсат алу қажет. Өйткені тегін таратылатын шараларға көп адам жиналып, түрлі келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button