Каспий құбыры терминалында мұнай қайтадан тиеле бастады
Бұған дейін дрондар шабуылынан Новороссийск маңындағы инфрақұрылым жұмысы уақытша тоқтаған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ресми деректі Bloomberg кемелерді бақылау жүйесі деректеріне сүйеніп жария етті. Бұған дейін дрондар шабуылы салдарынан Новороссийск маңындағы инфрақұрылым жұмысы уақытша тоқтаған еді.
Басылым дерегінше, инфрақұрылымға шабуылдар жасалса да, төрт танкер КҚК мұнайын тиеп үлгерді.
Қазақстан Энергетика министрлігі осыған дейін тамыздың бірінен бастап терминалға күніне шамамен 100 мың тонна мұнай жөнелтіліп жатқанын мәлімдеген болатын. Шикізат резервуарларға құйылып жатыр.
Әлемдік мұнай нарығы әлі қысымда ма
Каспий құбыр консорциумы арқылы экспорталатын шикізат ағынының қалпына түсуі әлемдік мұнай нарығына оң ықпал етпек. Себебі, соңғы жарты жылдағы АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс әлемдік нарықты қысымға алып тұр.
Айта кетейік, ҚКҚ жүйесі Қазақстанның ExxonMobil, Chevron және Shell сынды ірі компаниялардың қатысуымен игеріліп жатқан ең ірі кен орындарынан мұнай тасымалдайды. Әдетте осы құбыр арқылы жаһандық мұнай жеткізілімінің 2%-ға жуығы тасымалданады.