ГеосаясатЖаңалықтар

Зеленский Ресеймен бітімге келудің үш нұсқасын ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге ұзаққа созылған соғысты тоқтатуға бағытталған бітімнің үш нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Путин кездесе ме

Oxu.Az ақпаратынша, бұл жөнінде Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк мәлімдеді. Оның сөзінше, Зеленский ең алдымен әуе кеңістігінде атысты тоқтатып, энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалатын шабуылдарды доғаруды ұсынған.

Одан бөлек, майдан шебіндегі ұрыс қимылдарын тоқтатып, шепті уақытша бекітуді басшылыққа алды, – делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, Михаил Подоляк Зеленскийдің бейбіт келіссөздерді бастау үшін Ресей президенті Владимир Путинмен жүздесуге дайын екенін айтты.

Қақтығысты күзде аяқтауға ниетті

3 тамызда Зеленский екі ел арасындағы қақтығысты қыс басталғанша, мүмкін болса, күз мезгілінде аяқтауға күш салатынын мәлімдеді. Осыған сәйкес ол украиналық дипломаттарға халықаралық серіктестермен жұмыс бағытын мейілінше күшейтіп, Украина үкіметінің сыртқы саяси қызметіне қолдау көрсетуді тапсырған.

Сөз соңында Зеленский мемлекеттің бейбітшілікке жетуге бағытталған әл-қуаты нақты қашан нәтиже беретінін жүз пайыз дәл айту мүмкін еместігін атап өтті.

Back to top button