$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеҚоғам

«Мен тірі тұрғанда жылама»: грантқа түсе алмаған қызын жұбатқан әкенің сөзі көпті тебірентті

Кешеден бері әлеуметтік желіде университетке грантқа түскенін естіп, қуана видео жариялаған мектеп түлектерінің санында есеп жоқ. Алайда мұндай қуанышты сәттер түлектердің бәрінің басынан өткен жоқ. Оқуға түсе алмағанын естігендер де желіге жабырқаған сәттерін салған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сондай видеолардың бірі Тиктокқа тарады. Оқуға түсе алмаған бойжеткен әкесіне ұялы телефон арқылы хабарласып, оқуға түсе алмағанын айтқан.

“Әке, мен грантқа түсе алмай қалдым” дейді жабырқаған қыз.

“Ештеңе етпейді. Неменеге алаңдайсың. Мүмкін, дұрыс та болған шығар. Неге жылайсың, қызым-ау? Шешілетін проблема ғой. Оның бәрі шешіледі. Мен тірі тұрғанда жылама, шешеміз бәрін. Мен де сені жақсы көремін, – дейді әкесі.

Әкесі мен қызының ұялы телефон арқылы сөйлескен видеосына көп адам пікір қалдырып, пікір жазып жатыр. Кейбір адамдар кезінде өздері де оқуға түсе алмағанын айтып, жұбатуға тырысады.

ГРАНТ ТІЗІМІ

Ғылым және жоғары білім министрлігі 7 тамызда грант иегерлерінің тізімін жариялады. Тізімді мына сілтемеден жүктеп, көруге болады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, 2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60%-ы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20%-ы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20%-ы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button