Оқиға
Алматы облысында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті
Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші төртінші қабаттан құлап, жарақат алды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері әуе-десанттық шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Сарбазға медициналық көмек көрсетіліп жатыр
Ресми мәліметке сәйкес, оқиғадан кейін әскери қызметші дереу ауруханаға жеткізілген. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Қылмыстық іс қозғалды
Аталған оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар, Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындаған.
Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.