ЖаңалықтарСпорт

«Шайнамай жұтамын»: Жәнібек Әлімханұлы Канеломен жекпе-жекке дайын екенін айтты

Ол «Qazaq Style» лақап атымен әлемге танымал спорт шебері.

Кәсіпқой бокстан супер орта салмаққа ауысқан Жәнібек Әлімханұлы мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альвареске қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ол Instagram-парақшасында Альвареспен жұдырықтасқан жағдайда жеңіп кететіні туралы жазды.

«Кей жанкүйерлердің көкейінде «Жәнібек Канелоны ұта алады ма?» екен деген сұрақтар бар сияқты. Егер Канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда – оны шайнамай жұтамын. Құдай тәкаппарлықтан сақтасын, сенімді түрде айтамын, мен өз деңгейімді және оның деңгейін білемін. Қазақтар осал емес. Кәсіпқой бокста өз орнымыз бар ұлтпыз», – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айтып өтсек, Жәнібек Әлімханұлы — WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы, танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы және «Qazaq Style» лақап атымен әлемге танымал спорт шебері. Ол еліміздің атын әлемдік спорт аренасында танытып жүрген үздік спортшылардың қатарында. Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмаққа биыл ғана ауысты. Бұған дейін орта салмақ дәрежесінде ол IBF және WBO тұжырымдарының чемпоны болған. 2025 жылдың соңында допинг қолданғаны анықталып, ол 1 жылға спорттан шеттетілді. Ол мәлімдеме жасады.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында алдағы жоспарымен бөлісті.

Мен бокс қолғабын алғаш рет 6 жасымда кидім. Содан бері 27 жыл өтсе де, әлі рингтемін. Рингтің төрт бұрышында не болып жатқанын көрдік, алда әлі талай нәрсе күтіп тұр. Шаршы алаңды сағындым, жанкүйерлер де бізді сағынғанын білемін. Желтоқсанда Әлем чемпионы атағымды қорғаймын, – деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.

Back to top button