$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

ҰҚК Астанада көші-қон саласының бұрынғы шенеунігі ұсталғанын растады

Астана қаласы көші-қон қызметінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкеріне қатысты тергеу жүргізілуде.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tizgin.kz порталына Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Әлия Мақаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын ресми түрде растады.

Тергеу басталды

Алдын ала мәлімет бойынша, тергеу заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және шетел азаматтарына құжаттарды рәсімдеу кезінде заңбұзушылықтарға жол беру фактілері бойынша жүргізіліп жатыр.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», – деген комитет бұдан өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын хабарлады.

Әлия Мақаева деген кім

Әлия Мақаева ішкі істер органдарында 20 жылдан астам қызмет атқарған. Ол еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Әр жылдары Астана қаласының Есіл аудандық көші-қон полициясы бөлімінде, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінде қызмет еткен. Сондай-ақ Астана қаласы полиция департаментінің азаматтық және иммиграция бөлімін басқарған, кейін көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалған.

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button