“Адамдарды өлтіру ұнамайды”: Трамп Иранмен шұғыл келіссөздер жүргізетінін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздердің жаңа кезеңін жариялады. Ол бұл жайлы Air Force One бортындағы журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz DW-ге сілтеме жасап.
“Келісім жасасқанды жөн санаймын”
Оның сөзінше, АҚШ қазір екінші тараппен келіссөздер форматында диалог жүргізіп жатырмыз. Аталған келіссөздер дүйсенбі күні түстен кейін басталады.
Саясаткер кездесуге кім қатысып, оның қай жерде өтетінін нақтылаған жоқ. Трамп келісімге қол жеткізу үшін мерзім белгілеуді жоспарлап отырмағанын алға тартты.
Президент Ақ үй қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік беру үшін Иранға одан әрі шабуыл жасаудан бас тартқанын мәлімдеді. Осы арқылы көптеген адамның өмірін сақтап қалуға болатынын айтқан.
Бұдан бөлек, Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісім Ормуз бұғазы мен Иранның ядролық бағдарламасына әсер ететінін айтты.
“Мен келісім жасасқанды жөн санаймын. Адамдарды өлтіру ұнамайды”, – деді АҚШ президенті.
Трамптың шабуылды тоқтату себебі
Ол Вашингтон “қажет болса” кез келген уақытта Иранға жаңа шабуылдар жасай алатынын қосты.
Бір күн бұрын Трамп АҚШ пен Изральдің және Таяу Шығыс елдерінің өтініші аясында Иранға шабуылды кейінге қалдырғанын мәлімдеді.
Ол сондай-ақ Вашингтонның Тегеранға қарсы “Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болмаған деңгейде күш қолдану арқылы” әрекет етуге дайындалып жатқанын атап өтті. Бірақ ол “Иран келісімінің параметрлері келісілгендіктен” шабуылды тоқтатуға келіскен сыңайлы
Трамп Таяу Шығыс көшбасшыларының өтініштеріне сілтеме жасап, Иранға жасалған шабуылдарды бірнеше рет кейінге қалдырды. Биыл маусым айында Вашингтон мен Тегеран 60 күндік соғысты тоқтатып, бейбіт келіссөздерді бастауды талап ететін “өзара түсіністік туралы меморандумға” қол қойды. Дегенмен көп ұзамай АҚШ Ислам Республикасына қайта шабуылдап, елді атысты тоқтатуды бұзды деп айыптады.