$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЭксклюзив

ҰҚК ресейшіл блогер Аслан Төлегеновтің үстінен іс қозғалғанын растады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Tizgin.kz ақпарат порталының ресми сауалына берген жауабында ресейшіл блогер Аслан Төлегеновтің үстінен іс қозғалғанын растады.

ҰҚК НЕ ДЕЙДІ

Аслан Төлегеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде ақпарат бірнеше күн бұрын тараған еді. ҰҚК ресми сауалында ақпаратты растады. Алайда оның үстінен қандай баппен іс қозғалғанын атап көрсетпеді.

ОЛ БЛОГЕР НЕСІМЕН ТАНЫМАЛ

Аслан Төлегенов – Қазақстандық блогер,  Көкшетау қаласының тумасы. Ол «Солтүстік қазақ» деген лақап атпен кеңінен танымал. Ол “орыс әлемі Қазақстанға өркениет пен тыныштық әкелді, Ресейдің арқасында білім, ғылыми даму және әлеуметтік инфрақұрылым күшейді” деген көзқарасты жиі тарататын. Төлегенов қазақ қоғамында өсіп келе жатқан ұлттық және антиресейлік үндеулерге қарсы белсенді түрде шығып, “батыстың ықпалды тұлғалар мұны пайдаланады” деп санайды.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button