Дастан Сәтбаев EA Sports FC 27 ойынына енді
Қазақстандық жас футболшы Дастан Сәтбаев әлемдегі ең танымал футбол симуляторларының бірі – EA Sports FC 27 ойынының деректер базасына енгізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
SoFIFA порталының мәліметінше, Сәтбаевтың бастапқы рейтингі 66, ал әлеуеті 82 ұпайға бағаланған. Бұл көрсеткіш оның болашақта ойын ішіндегі ең қарқынды дамитын футболшылардың бірі болуы мүмкін екенін аңғартады.
Дастанның ойынға енгізілуіне оның «Челси» сапындағы сәтті дебюті әсер етті. Ол Sydney Super Cup турнирінде австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы матчта алғаш рет алаңға шығып, бірден гол соққан болатын.
Айта кетейік, EA Sports FC 27 ойынының ресми тұсаукесері 25 қыркүйекте өтеді. Алайда жанкүйерлер қазақстандық футболшының рейтингтері мен сипаттамаларын SoFIFA порталынан қазірдің өзінде көре алады.