Оқиға

Алматы облысында жанармай құю бекетін тонаған күдіктілер ұсталды

Алматы облысында жанармай құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылға қатысы бар күдіктілер оқиғадан кейін көп ұзамай ұсталды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Күдіктілер анықталды

Полицияның мәліметінше, қылмыс жедел басқару орталығының бейнекамераларының көмегімен ашылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

“Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде”, – дейді полиция.

Back to top button