$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

TikTok-та балағат сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

Түркістан облысында TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир барысында былапыт сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Әлеуметтік желідегі заң бұзушылық

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok-тағы тікелей эфир кезінде әйел адамның қоғамдық тәртіпті бұзып, былапыт сөздер қолданғаны бейнежазба арқылы анықталған.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын Баян Шанкеева болып шықты.

Сот шешімі

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция әлеуметтік желілерде де заң талаптарын сақтау міндетті екенін еске салып, «Заң және тәртіп» қағидаты өмірде ғана емес, интернет кеңістігінде де сақталуы тиіс екенін мәлімдеді.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button