Геосаясат

Тоқаев бейресми сапармен Қырғызстанға барады

Ақпаратты Ақорда таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде – 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барады.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президентімен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді.

«Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, болып жатқан жағдай қарсыластарға тиімді және оларды қуантпауы мүмкін емес. Ресейдің де, Украина мемлекетінің де» – деді ол.

Қазақстан президенді өзіне Еуропа мен АҚШ-тан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты көп белгі түсіп жатқанын айтты. Ол сонымен бірге “бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз, оның ішінде бізге де” деді.

Back to top button