Оқиға

Өскеменде қосымша жұмыс істеген жасөспірім қолынан айырылды

Өскеменде қосымша жұмыс істеп жүрген жасөспірім өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан қолынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«YK-news.kz» сайтының мәліметінше, жасөспірім құрылыс материалдарын өндіретін компанияда ресми түрде жұмысқа тұрмаған.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Қизатовтың айтуынша, зардап шеккен жасөспірімге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізілмеген әрі онымен еңбек шарты жасалмаған.

«Мәліметке сәйкес, зардап шеккен азаматқа еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама өткізілмеген, сондай-ақ онымен еңбек шарты жасалмаған. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр», – деді Бақытбек Қизатов.

Ал Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Back to top button