$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Қазақстанда Оңтүстік Кореяның 14 азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Корея Республикасының 14 азаматын ұстады. Олар өз елінде телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану арқылы алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҰҚК мәліметінше, арнайы операция 23 шілде күні жүргізілген. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында алаяқтық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс тергеп жатыр.

«Тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында заңсыз қызметте пайдаланылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер анықталды», – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ұсталғандар процессуалдық іс-шараларды жүргізу үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін Оңтүстік Корея азаматтарын Қазақстаннан депортациялау жоспарланып отыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button