TOP-2ЖаңалықтарПікір

Әнші мен заңгердің өтпей қалған дебаты неге сонша дау туғызды

Аща Матай заңгер және журналистика бойынша жоғары білім алған.

Тележүргізуші әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Аша Матай адвокат Мейірман Шекеев пен ашық дебатқа қатысудан бас тартқаннан кейін қоғамның сынына ұшырады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Қазақ қызына ер адаммен сөз таластыру жараспайды»

Аша Матай өзінің Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заңгер және журналист мамандықтары бойынша екі жоғары білім алғанын атап өткен болатын. Ол дебаттан бас тарту себебін бала кезінен анасының ер адамдармен сөз таластырмауға тәрбиелегенімен байланыстырды.

«Анамның үйреткені: қазақ қызына жеке мүддесін дәлелдеу мақсатында ермен, оның үстіне ел ағасы жасындағы ер адаммен сөз таластыру жараспайды. Айтарым бар дей келе тәрбием жібермейтінін де айтқым келеді», – деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

«НеМолчи.kz» қоры Аша Матайдың мәлімдемесіне үн қатты

Бұл мәлімдемеден кейін әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері түрлі пікір білдірді. Кейбірі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүріп жатқан кезеңде депутаттыққа үміткердің мұндай ұстанымы қоғамның сұранысына сәйкес келмейтінін айтты.

Сынға НеМолчи.kz қоғамдық қоры да қосылды. Ұйым өкілдері мұндай мәлімдемелер қоғамдық қызметтің мәніне қайшы келетінін айтты.

Қор өкілдерінің пікірінше, Құрылтай мүшелігіне үміткер азаматтар құқығы мен мүддесін қорғауға, пікірталасқа қатысып, өз ұстанымын дәлелдеуге дайын болуы тиіс.

«Егер сіз Құрылтайға барсаңыз, азаматтардың мүддесін қорғауға, пікірталас жүргізуге, өз ұстанымыңызды дәлелдеуге және қажет болса, заңдардың қабылдануына ықпал етуге міндеттісіз. Егер қарсыласыңыз ер адам немесе өзіңізден жасы үлкен болғаны үшін онымен пікірталасқа түсе алмасаңыз, онда Құрылтайда не істемексіз? Әйелдердің құқықтарына қарсы заңдар қабылданғанда үнсіз шенеуніктерге жол бере саласыз ба? Бұл – жоғары мінберден патриархалдық бағынушылықты насихаттаудың қарапайым әрі қауіпті көрінісі», – деп мәлімдеді қор өкілдері.

«Саяси дебаттарда «әйел», «еркек» деген жоқ»

Әлеуметтік желі қолданушылары осы жағдайға қатысты пікір білдіріп, ашу танытты.

Фото: Скриншот
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот
Фото: Скриншот

Еске салсақ, партиялардың саяси үгіт-насихат жұмыстарымен заңгер Мейірман Шекеев пен әнші Ақбота Асқарбекованың “текетіресі” ел назарын аударта бастады. Әнші заңгермен дебатқа шығудан бас тартқаннан кейін Мейірман Шекеев Құрылтайға үміткер әншіні сотқа беруі мүмкін екенін ескертті.

«Кейбіреу деп мені кемсіткенін естідім. Аша Матай дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің оған қандай қатысы барын білмеймін. Десе де мен оған толық жауап беремін. Мен Аша Матайды менің сөзімді бұрмалағаны үшін сотқа беруім де мүмкін. Қазір асығыспын», – деп кетіп қалды заңгер.

Back to top button