Жаңалықтар

Тіс емдеткен 9 жастағы баланың жақ сүйегі зақымданған: қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда 9 жастағы бала тісін емдеткен соң денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Тексеру өткізілместен, ем жүргізілді

Жеткіншектің анасы ем-домнан соң ұлының төменгі жақ сүйегінің 60-70 пайызы зақымданғанын айтты. Ақмарал Қалжанова биыл ақпан айында ұлын профилактикалық тексеруден өткізу үшін облыстық стоматологиялық орталыққа апарған. Дәрігерлер баланың тісін алдын ала рентген тексеруінен өткізбестен, ем жүргізіпті. Ал процедурадан соң тіске пломба салмай, екі аптаға үйіне жіберген. Кейін тағы да екі рет емдеді. Бірақ осыдан кейін жеткіншектің тісі ауырып, беті ісе бастапты.

Qazaqstan телеарнасының ақпаратынша, кейінірек баланың жағдайы күрт нашарлап, Астанаға жеткізілді. Балаға төменгі жақ сүйегінің остеомиелиті және сүйек секвестрі диагнозы қойылып, 2 рет операция жасалды. Қазір жеткіншек тамақты шайнап, жей алмайды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.

Директор не дейді

Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығы директоры Ғалымжан Бақытжановтың сөзінше, тәуелсіз сараптама жасалды.

“Соның шешіміне сәйкес дәрігерлеріміздің іс әрекеті дұрыс емес деген шешімге келді. Екеуі де жас маман осы 25 жылы жұмысқа кірген. Енді екеуіне де сөгіс берілді. Сарапшылардың айтуынша басынан бастап емді дұрыс жүргізбеген деді”, – деді ол.

Back to top button