«Қатаң жауап»: АҚШ Иранға әуе соққыларын қайта бастады
Бүгін Қазақстан уақытымен таңғы сағат 05:00-де АҚШ әскері Иран аумағына жаңа әуе соққыларын жасай бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Басшылық мұны немен байланыстырады
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) ақпаратынша, аталған елдің әскери күштері Иранға соққы беруді бастады.
“Бұл операция – Иранның кеше Таяу Шығыста орын тепкен америкалық әскери бөлімдерге шабуыл жасау әрекетіне берілген қатаң жауап”, – делінген мәліметте.
Әскери операция қашан басталды
Қолбасшылық әскери операция АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытына сәйкес кешкі сағат 20:00-де басталғанын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін америкалық қарулы күштердің Иранға соққы жасайтынын ескерткен болатын. Сөзінше, мұндай шешім Тегеранның түнгі уақытта Иорданиядағы АҚШ әскери базасына жасаған күтпеген шабуылына жауап ретінде қабылданды.