TOP-2Жаңалықтар

Алғашқы дебат көрермен даусымен «Әділет» пайдасында. Партия елге не ұсынады

Саяси партиялар арасында өткен теледебатта Құрылтай депутаттығына кандидат, «Әділет» партиясының өкілі Ренат Бектұров партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі тұстарын жіктеп берді. Сонымен қатар, бәсекелестер арасында болған өткір сұрақ-жауап айқасында денсаулық сақтау, жастар және жасанды интеллект тақырыптарында нық жауап беріп, партия жоспарынан хабардар етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көрермендердің көбі «Әділет» кандидатына «сенді»

Теледебат барысында көрермендер экрандағы QR-код арқылы пікірсайысқа қатысушылардың сөзін бағалап, онлайн сауалнамаға қатысты. Сауалнаманы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша Орталық сайлау комиссиясында аккредиттеуден өткен «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы жүргізді.

Осы сауалнамада «Әділет» кандидатының айтқан сөзі мен позициясы көпке ұнаған болу керек, 21 334 адамның  67,1% «Әділет» кандидатына жауап берген. Сауалнамада ЖСДП – 2,2%, «Байтақ» – 2.1%, ҚХП – 8,2%,  «Ауыл» – 5.4%, «Ақ жол» – 9.9%, Reslublica – 4.3%, ешқайсысы ұнамады  – 0,8% жинадыү

«Әділет» қандай ұсыныстарын айтты

«Ақжол» партиясы өкілі жасанды интеллектке қатысты сауал қойып, мемлекеттік құрылымға енгізудегі қауіп-қатеріне назар аудартты. Мұның арты жас мамандардың жұмыссыздығына әкелуі мүмкін деген күдігін жасырмады.

Ал Ренат Бектұровтың айтуынша, жасанды интеллектінің өмірімізге, соның ішінде мемлекеттік қызметтерге енуінен қорықпау керек. Өйткені оның басты мақсаты – азаматтардың мемлекеттік қызметті тиімді жолмен алуына жағдай жасау. Сонымен қатар, мемлекеттің барлығымыздың өмірімізге әсер ететін шешімдерді аналитикалық тұрғыда тез қабылдауына жол ашады.

«Бір мысал айтайын. Барлығымыз болмаса да біразымыз цифрландыруға дейінгі мемлекеттік қызметтерді еске түсірелік. БТИ, паспорттық үстел деген мекемелер болатын. Сол құжаттарды алу үшін неше күн сабылатынбыз. Қазір цифрландыру арқылы барлық құжатты, құжат тұрмақ, көлігімізді де бір күннің ішінде ешқайда бармай-ақ рәсімдеп аламыз. Одан жұмыссыз мемлекеттік қызметкерлер көбейді ме? Жоқ! Керісінше, қазір Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бар. Талай министрлікте цифрландыру бойынша вице-министрлер бар. Мемлекеттік қызметтің өзінде де осындай жаңа жұмыстар пайда болды. Бірақ ең маңыздысы – бұл азаматтарға ыңғайлы», – деп түйді.

Оның сөзінше, ертеңгі күні жасанды интеллект те дәл солай болады. Ол тек қағазбен жұмыс істейтін сарапшылар сияқты мамандарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Бірақ олардың орнына «промпт-инженер», «жасанды интеллект архитекторы» сияқты жаңа мамандықтар пайда болады. Ең бастысы – олар адам үшін қызмет етеді. Адамға осы қызметтің тиімділігін арттыруға және өнімділігін көбейтуге жәрдемдеседі. Оның арты экономиканың өнімділігі артады.

«Сондықтан жасанды интеллектен қорқудың қажеті жоқ. Мемлекеттік қызметкер жұмыссыз қалады деп алаңдамау керек. Керісінше, жасанды интеллект арқылы жастарымыз жаңа мамандықтарды меңгеріп, кәсіпкер болуы да мүмкін», – деп қорытты ол.

Еске салайық, «Әділет» партиясы 23 шілдеде еліміздегі басқа саяси күштермен қатар сайлауалды үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады. Республикалық сайлауалды штаб іске кіріскен сәттен бастап партияның Құрылтай депутаттығына кандидаттары өңірлерді аралауға шықты. Бүгінде олар Түркістан, Маңғыстау және Атырау облыстарында болып, жергілікті жұртшылықпен бірқатар кездесу өткізді.

Өңірлік сапарлар барысында партия өкілдері еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлермен, жастармен, студенттермен және қоғам белсенділерімен жүздесіп, «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, жергілікті жұртшылықпен ашық әңгіме өрбітіп келеді.

Дайындаған:

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.

Back to top button