TOP-2Жаңалықтар

Көшербаев Рубиомен Каспий құбыры концорциумы жағдайын талқылады

Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ҚР СІМ не дейді

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлескенін сыртқы саяси ведомство хабарлады.

“Тараптар кеңейтілген стратегиялық серіктестік шеңберіндегі екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін, сондай-ақ мемлекет басшысының G20 саммитіне қатысуына орай АҚШ-қа алдағы сапарына дайындық барысын талқылады. Сұхбат барысында Каспий құбыр консорциумына (КҚК) қатысты жағдай да егжей-тегжейлі талқыланды”, – делінген хабарламада.

КҚК-да не болды

Осыдан бірер күн бұрын Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Каспий құбыры консорциумы арқылы мұнай тасымалдайтын кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптап, мәлімдеме жариялады. Ізінше Энергетика министрлігі мәлімдеме таратқан еді. 

Сыртқы істер министрлігі 2026 жылдың 17 және 19 шілдесінде Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының (КҚК) инфрақұрылымы арқылы мұнайды заңды түрде тасымалдауға тартылған азаматтық кемелерге ұшқышсыз ұшу аппараттарының жасаған шабуылдарын қатаң айыптаған.

Осыдан кейін Қазақстандағы Украина елшісі Виктор Майко Украинаның Қазақстан мұнайын тасымалдаған танкерлерге жасалған шабуылға қатысы барын жоққа шығарған еді.

Арада бірнеше күн өткеннен кейін Энергетика министрлігінің Каспий құбыр консорциумы (КҚК) жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдап, Новороссийск портындағы теңіз терминалы арқылы мұнайды тиеп-жөнелту жұмыстарын қайта бастағанын хабарлады.

Back to top button