Жаңалықтар

Қырғызстанда келесі президент сайлауының күні белгіленді

Сайлау күні демалыс күні болып жарияланады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров конституциялық сайлау туралы заңға енгізілген түзетулерге қол қойды. Соған сәйкес, келесі президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді дауыс беру күні жексенбі емес, сәрсенбі болады.

Не өзгерді?

Жаңартылған заңнамада:

  • кезекті президент сайлауы президенттің өкілеттік мерзімі аяқталатын жылдың қаңтар айының төртінші сәрсенбісінде өтетіні;
  • Жогорку Кеңеш депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің қолданыстағы шақырылымының конституциялық өкілеттік мерзімі аяқталатын айдың сәрсенбі күні өткізілетіні белгіленген.

Осылайша, Қырғызстандағы келесі президент сайлауы 2027 жылғы 27 қаңтарда өтеді.

Сайлау күні – демалыс

Жаңа нормаларға сәйкес, сайлау өтетін күн демалыс күні болып жарияланады. Бұл күні жұмысшыларға жұмыс берушінің меншік нысанына қарамастан жұмыс күні үшін төленетін жалақы толық көлемде сақталады.

Алдыңғы сайлау

Еске салайық, өткен жылдың 30 қарашасында Қырғызстанда Жогорку Кеңеш депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы өткен болатын. Ол 2025 жылғы маусымда президент Садыр Жапаров қол қойған жаңа сайлау заңнамасы бойынша ұйымдастырылды.

Back to top button