Жаңалықтар

“Сөзімді бұрмалады”: заңгер Шекеев Аша Матайды енді сотқа беруі мүмкін

Партиялардың саяси үгіт-насихат жұмыстарымен заңгер Мейірман Шекеев пен әнші Ақбота Асқарбекованың “текетіресі” ел назарын аударта бастады. Әнші заңгермен дебатқа шығудан бас тартқаннан кейін Мейірман Шекеев Құрылтайға үміткер әншіні сотқа беруі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Заңгер не дейді

“Кейбіреу деп мені кемсіткенін естідім. Аша Матай дұрыс түсінбеген сияқты. Тәрбиенің оған қандай қатысы барын білмеймін. Десе де мен оған толық жауап беремін. Мен Аша Матайды менің сөзімді бұрмалағаны үшін сотқа беруім де мүмкін. Қазір асығыспын”, – деп кетіп қалды заңгер.

Болмай қалған дебат

Бұған дейін белгілі заңгер Мейірман Шекеев “өз тағдырымызды солардың қолына ұстатайын деп отырмыз” деп пікір білдіріп, Аша Матайды дебатқа шақырған еді.  Заңгер елдегі заңдардың біршамасымен келіспей, оларды қисық деп атады. Сол құжаттарды түзеу енді әншілердің міндетіне жүктелгелі отырғанымен заңгер келіспейді.

Алайда әнші “тәрбием жібермейді” деп дебатқа шығудан бас тартқан. 

Back to top button