Жаңалықтар

Wildberries қоймасына қатысты министрлік мәлімдеме жариялады

Сауда және интеграция министрлігі Wildberries компаниясының қойма кешенін Қазақстан аумағына көшіру мәселесіне қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта Wildberries тарапынан Қазақстанда қосымша қойма қуаттарын орналастыруға қатысты ресми өтініш түспеген.

«Тиісті ұсыныстар келіп түскен жағдайда, олар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескеріле отырып, заңнама талаптарына сәйкес  қаралады», – делінген хабарламада.

Министрлік Қазақстанның транзиттік және логистикалық әлеуеті жоғары екенін айтып, заманауи қойма инфрақұрылымын дамытуға және трансшекаралық электрондық сауданы ілгерілетуге бағытталған жобаларды қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге ведомство Қазақстанда тауарларды тасымалдау, сақтау және айналымға шығару процестері ұлттық заңнама мен Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық нормаларына сәйкес жүзеге асырылатынын еске салды.

Айта кетейәік, Wildberries-ті дамытатын RWB тобы Қазақстаннан шамамен 100 мың шаршы метр қойма алаңын іздеп жатқаны жайлы «Коммерсантъ» басылымы жазған еді.

Back to top button