Жаңалықтар

Жүктілік пен босануға берілетін ең жоғары жәрдемақы мөлшері қандай

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өкілдері биыл ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен аспайтын орташа табыс ескерілетіні айтты, деп хабаралайды Tizgin.kz.

Қор өкілдері нені ескереді

Мәлім болғандай, Қазақстанда биыл босану мен жүктілікке байланысты берілетін біржолғы әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшері екі жарым миллион теңгеден аспайды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры өкілдері биылғы ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінен жоғары болмайтын орташа табыс ескерілетінін алға тартты. Бұл – 595 мың теңге.

Әлеуметтік көмектің орташа көлемі

Осындай өзгеріске байланысты алғашқы жартыжылдықта жүктілік пен босану бойынша төленген әлеуметтік көмектің орташа көлемі 1 миллион 400 мың теңге болды. Бұл былтырмен салыстырғанда 15,5% төмен.

Back to top button